Астана · офлайн · тегін

Қазақша сөйлеуге кел

Tildes - қазақша қысылмай сөйлесуге арналған ашық клуб. Тақырып, пайдалы сөздер және көп тірі әңгіме.

  • A1 деңгейінен
  • Сенбі және жексенбі
  • Ұлттық музей

Қате жасауға болады

Біз мінсіз сөйлеуді күтпейміз. Сөзді бастап, бір‑бірімізге достықпен көмектесеміз.

Алғаш рет пе? Дайындалудың қажеті жоқ.

01 · Деңгей

Өзіңе сай топты таңда

Екі топтың уақыты бөлек. Қайсысы өзіңе сай екенін өзің таңдайсың.

А тобы

Бастапқы · A1‑A2

Қарапайым сөйлем құрап, таныс тақырыпта қысқа жауап бере алатын қатысушыларға.

10:00-12:00

Б тобы

Жоғары деңгей · B1+

Қазақша сөйлесу тәжірибесі бар қатысушыларға.

12:00-14:00

A0 деңгейі болса: алдымен негізгі грамматика мен шағын сөз қорын жинап алған дұрыс. Содан кейін кездесуге қосылу жеңілірек болады.

02 · Формат

Кездесу қалай өтеді?

Алдын ала дайындалудың қажеті жоқ. Тақырып пен қажетті сөздерді модератор береді.

01

Тақырып пен сөздік

Модератор тақырып пен сұрақтарды ұсынады және 15-20 пайдалы сөз береді.

02

Шағын топтар

Қатысушы көп болса, 2-3 адамнан бөлініп, дайын сұрақтарды талқылаймыз.

03

Түсіндіру және түзету

Модератор грамматиканы, сөздердің қалай қолданылатынын және әдеби, ауызекі нұсқаларды түсіндіреді.

46 секунд · нақты кездесу

Алғашқы кездесу қандай болады?

Қатысушылар сөйлесіп, бір‑бірін тыңдап, жаңа сөздерді бірден қолданып көреді. Видеоны дыбыссыз да көруге болады: кадрда қазақша субтитр бар.

46 секунд · тірі кездесу

03 · Кесте

Демалыс күндері. Әр кездесу 2 сағат

Ұзақтығы

2 сағ

Апта ортасында WhatsApp чатында сауалнама шығады. Келетін болсаңыз, өз уақытыңыз бен тобыңызды таңдаңыз.

Сенбі

10:00-12:00Бастапқы топ А · A1‑A2
12:00-14:00Жоғары деңгейлі топ Б · B1+

Жексенбі

10:00-12:00Бастапқы топ А · A1‑A2
12:00-14:00Жоғары деңгейлі топ Б · B1+

Жолға шығар алдында чаттағы апталық сауалнаманы тексеріңіз: ұйымдастырушы өзгерісті сол жерде хабарлайды.

04 · Орын

«Пресс‑центрді» оңай тап

Астана · Тәуелсіздік, 54

Ұлттық музей, 2-қабат

Бөлменің есігінде «Пресс‑центр» деген тақтайша бар.

2GIS-те ашу
  1. Баспалдақпен көтеріліп, жоғарыдағы есіктен кіріңіз. Сырттан бірінші қабат сияқты көрінгенімен, бұл 2-қабат саналады.
  2. Күзет сөмкені тексереді. Қыста сырт киімді гардеробқа тапсыруды сұрауы мүмкін. Сөмкеңіз болса, музейге емес, Tildes кездесуіне келгеніңізді айтыңыз.
  3. Турникеттегі қызметкерге «Қазақ тілі» немесе «Tildes кездесуіне келдім» деңіз. Кассаға барудың қажеті жоқ.
  4. Пресс‑орталық осы қабатта. Оған жетпей оң жақта су немесе кофе алуға болатын буфет бар.

05 · Қауымдастық

Бастысы - қазақша сөйлеуге талпыну

Қазақ тілі бірінші орында

Чатта ойды, сәлемдесуді және жауапты қазақша жеткізуге тырысамыз.

Қателесуге болады

Түзету тек достық кеңес түрінде беріледі. Мұнда баға қойылмайды.

Құрмет пен қолдау

Әр қатысушының пікірін құрметтеп, бірге өсуге көмектесеміз.

Пайдалы контент

Қазақша мем, мақала, видео мен қызықты дерек бөлісуге болады. Спамға орын жоқ.

Толық қағидаларды оқу
  • Сөз жетпей қалса, бірден орысшаға өтпей, аударма немесе AI құралын көмекші ретінде пайдалануға болады.
  • A0 деңгейінде алдымен негізгі грамматика мен ең жиі қолданылатын сөздерді меңгеру ұсынылады.
  • «Сана биігінде жолығу» қағидасы: маңызды тақырыптарды мәдениетті түрде талқылап, бірге өсеміз.

06 · Кездесулер арасында

Қазақшаны күнде аздап қолдан

Қазақша жаттығуға арналған ойындар мен оқу материалдары бір жерде.

Оқу материалдары
Ұсынылған кітаптар

Шетел әдебиеті

  • Анджей Сапковски · «Мыстангер»
  • Дж. Р. Р. Толкин · «Сақиналар әміршісі»
  • Жоан Роулиң · «Хәрри Поттер»
  • Клайв С. Льюис · «Нарния шежіресі»
  • Френк Херберт · «Құмбел»
  • Джордж Оруелл · «1984», «Мал қора»
  • Чинуа Ачебе · «Бәрі ыдырайды»
  • Светлана Алексиевич · «Соғыстың сұрқы әйелге жат»
  • Дэниел Киз · «Алжернонға арналған гүл»
  • Айгиз Баймұхаметов · «Тастамашы, ана!»

Қазақ әдебиеті

  • Ілияс Есенберлин · «Көшпенділер»
  • Мұхтар Мағауин · «Аласапыран», «Жармақ»
  • Таласбек Әсемқұлов · «Талтүс»
  • Санжар Керімбай · «Қаныш және ғылыми майдан»
  • Дулат Исабеков · «Қарғын», «Гаухартас», «Өкпек жолаушы»
  • Төлен Әбдік · «Оң қол»
  • Ырысбек Дәбей · «Қоңыз»
  • Әлішер Рахат · «Махаббатым - Constant. Параллель», «Иесіз көлеңке»
  • Тұрысбек Сәукетаев · «Мен жындымын»
  • Абай Аймағамбет · «Бұрылысқа жарты қадам қалғанда»
  • Әлібек Байбол · «Мұтылған»
  • Перизат Мырзахмет · «Өмірдің аты - М»
  • Сәуле Досжан · «Үлкен үйдегі үрей»
  • Жалғас Қазыбек · «Аққұйын»

Жасөспірімдерге

  • Таупық Рымжанов · «Зәйтүнқарлығаштың ерлігі»
  • Зира Наурызбаева · «Батудың бастан кешкендері»
  • Әмір Шыңғысхан · «Заман. Кентаврдың басынан кешкендері»

Детектив және психологиялық проза

  • Арман Әлменбет · «Тергеуші»
  • Бақытжан Қаратегі · «Шідер»
  • Асқар Алтай · «Киллер сауысқан», «Казино»

Келесі кездесуге қосыл

WhatsApp чатындағы сауалнамадан уақыт пен топты таңда. Қатысу тегін.